Албания туы
Үлгі:Байрақтар Албания туы (Үлгі:Lang-sq) — қызыл түсті тудың ортасында екібасты қара бүркіт бейнеленген Балқан түбегінде орналасқан Албания Республикасының мемлекеттік туы.
Мазмұны
Тарихы
Бүркіт бейнесі орта ғасырдың соңына қарай албаниялық дворян жанұяларының(Скандербег өз туында қолданған) және албандардың нышаны болды.<ref name="Elsie 2010">Үлгі:Cite book</ref> Кастриотидың елтаңбасындағы бүркіт бейнесі оның Османлы империясына қарсы көтерілісінде танымал болды.Осы көтерілістің арқасында Албанияның кейбір жерлері 1443-1478 жылдар аралығында тәуелсіз болды.Екібасты бүркіт бейнесі Шығыс Рим империясының(соның ішінде Палеологи династиясының) эмблемасан алынған болатын.<ref name="Elsie 2001">Үлгі:Cite book</ref> <ref>Үлгі:Cite book</ref>
Екібасты бүркіттің бейнесі тәуелсіздікті аңсаған албан ұлтшылдарының 19 ғ. соңы мен 20 ғ. басында Османлы империясыға қарсы жорығында қайта көрінеді.<ref name="Elsie 2001"/> 1912 жылдың 28 қарашасында Влёра қаласында Албания Тәуелсіздік Декларациясы қабылданып, Исмаил Кемел көтерген ту жаңа ұлттың символы болып қабылданды.
Албания туына бірнеше жыл бойына көптеген өзгертілер енгізілді. Зогу патша басқарған жылдары(1928–1939) туға тәж бейнесі қосылды, ал Албаниядағы Италия басқыншылығы кезінде тәж екі шандырға алмастырылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін коммунистік тәртіп туға бес бұрышты жұлдызды қосұан болатын, ал 1992 жылдың 7 сәуірінде Албанияда коммунист үкімет құлағаннан кейін ғана жұлдыз тудан алынды.<ref name="Elsie 2010"/>
Албанияның теңіз тулары — теңіз сауда флотының және әскери-теңіз флотының тулары мемлекеттік тудан өзгеше болып келеді.Сауда флотының туы қызыл, қара және қызыл көлденең жолақтардын тұрады.Ал әскери-теңіз флотының туы мемлекеттік туға ұқсақ, алайда бүркіт ақ түсті туда бейнеленген, және тудың төменгі жағы қызыл жолақтан тұрады.
Тудағы екібасты бүркіт 1995 және 2000 жылдар аралығында шыққан бес албаниялық лек тиынының сырт жағында бейнеленген болатын.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
1969 жылдан бастап Албанияның туы Косовода кеңінен бейресми желбіреді.<ref>Үлгі:Cite book</ref> Бұл 1990 жылдардағы мойындалмаған Косовоның рәмізі болатын.Қазіргі таңда Косово басқа рәмізді қолданады.
Тарихи
- Coa Kastrioti Family.svg
Скандербег қабылдаған Лежа лигасының туы (1444–1479).
- Albanian Muslim flag.svg
Османлы империясының туы (19 ғасыр).
- Flag of Albanian Provisional Government 1912-1914.svg
Албания Тәуелсіздік Декларациясының туы (1912).
- Flag of Albanian Provisional Government (Jun-Nov 1912).svg
Албания уақытша үкіметінің туы (1912).
- Flag of Albanian Provisional Government (1912-1914).svg
Албания уақытша үкіметінің туы (1912–1914).
- Albania 1914 Flag.svg
Албания князьдығының туы (1914–1920).
- Flag of Albania 1920.svg
Албания князьдығының (1920–1925) және Албания Республикасының туы (1925–1926).
- Flag of Albania 1926.svg
Албания Республикасының туы(1926–1928).
- Flag of Albania 1928.svg
Албания патшалығының туы (1928–1934).
- Flag Kingdom Of Albania.svg
Албания патшалығының туы (1934–1939).
- Flag of Albania (1939).svg
Албанияның Италия басқыншылығы кезіндегі туы (1939–1943).
- Flag of German occupied Albania.svg
Албанияның Германия басқыншылығы кезіндегі туы (1943–1944).
- Flag of Albania 1944.svg
Албания халық республикасының туы (1944–1946).
- Flag of Albania 1946.svg
Албания социалистік халық республикасының туы (1946–1992).
- Flag of Albania.svg
Албания Республикасы (1992–).
Әскери және Үкіметтік тулар
- Albania Royal Army.svg
Албания корольдық әскерінің эмблемасы.
- Civil Ensign of Albania (1945-1992).svg
Теңіз сауда флотының туы (1945–1992).
- Civil Ensign of Albania.svg
Теңіз сауда флотының туы.
- Government Ensign of Albania (1958-1992).svg
Мемлекеттік теңіз туы (1958–1992).
- Albanian Coast Guard Ensign-1958-1992.svg
Албания жағалаулық күзет туы (1958–1992).
- Presidential flag of Albania 1946-1992.svg
Албания президентінің туы (1946–1992).
- Naval Ensign of Albania (1954-1958).svg
Албания әскери-теңіз флотының туы (1954–1958).
- Naval Ensign of Albania (1946-1954).svg
Албания әскери-теңіз флотының туы (1946–1954).
- Naval Ensign of Albania (1958-1992).svg
Албания әскери-теңіз флотының туы (1958–1992).
- Naval Ensign of Albania.svg
Албания әскери-теңіз флотының туы.
- Government Ensign of Albania.svg
Мемлекеттік теңіз туы.
- Albanian Coast Guard Ensign.svg
Албания жағалаулық күзет туы.
- Presidential flag of Albania.svg
Албания президентінің туы.
Басқа
- Latin (usually Albanian) Merchant Flag 1453-1793.svg
Османлы империясы кезіндегі Латын(Албан) көпестік туы(1453-1793).
- Essad Pasha's flag.svg
Эссад-паша Топтани құрған қысқа мерзімді Орталық Албания Республикасының туы.
- Flag of Koritsa.svg
Корча автоноиясының туы.
- Flag of Mirdita Republic.svg
Джон Маркаджони құрған қысқа мерзімді Мирдита Республикасының туы.
- Flag of Albania (1939-1943; crowned).svg
Савойя династиясы кезіндегі Италия басқыншылығы кезіндегі Албания туы.
- Flag of SFR Yugoslav Albanian Minority.svg
Албания социалистік федеративтік республикасының туы.
- Flag of Albania.svg
Косово Республикасының туы.
- Flag of Dardania.svg
Ибрагим Ругова құрастырған Косово Республикасының және БҰҰның қол астындағы Президент тулары Дардания туы.
- Flag of the Italian Arberesh.svg
Арбереши туы (бейресми).
- Flag of Sicilian-Arbëreshë.svg
Сицилия аралыдағы Арбереши туы (бейресми).