Алақ көтерілісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алақ көтерілісі — бұрынғы Семей губерниясы Қызылтас ауданының орталығы Қызылкесік ауылы тұрғындарының Кеңес өкіметінің күштеп коллективтендіру саясатына қарсы 1931 ж. болған бой көтеруі.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref> Көтеріліске қазіргі Ақсуат және Көкпекті аудандарының тұрғындары да қатысқан. Осы өңірде елге беделді, кезінде Омбы Орталық фельдшерлер мектебін 1985 жылы бітірген, 1911-1920 жылдары Зайсан уезі Өкпекті болысының болысы болған Жәкула Күшіков <ref>Омбы Мемлекеттік тарихи мұрағаты, №113 фонд, №1 тізбек № 1 іс,</ref>,<ref>ҚР орталық мұрағаты №15 фонд, № 1 тізбек, № 2361 іс</ref> Мұқыш Қуанов (Зайсан уезі Боғас болысының болысы болған), Қасым Қозыбаев т.б. тәркілеуге ұшырады. ОГПУ қызметкерлері Трайыс қажыны атып өлтірді. Елдің мал-мүлкін заңсыз тәркілеу, күштеп ұжымдастыру және басқа да заңсыздық пен жүгенсіздік жергілікті халықтың ашу-ызасын тудырды <ref>ЦДНИО ВКО "Неизвестные страницы историий Семипалатинского Прииртышья" (20-30 жж. XX век.), Семипалатинск 2002, стр 90-91.</ref> Қызылтас аудан тұрғындарын қамтыған көтерілісті басуға Көкпектіден жіберілген ОГПУ және милиция қызметкерлерімен қақтығыста жазалаушы отрядтың басшысы Кулюкин, қызыл командирлер Зезев, Чешмаркин оққа ұшты. Тірі қалған отряд мүшелері қашып құтылды. Алайда Кеңес үкіметіне қарсы тұра алатын күштері жоқтығын түсінген көтерілісшілер көп ұзамай Қытайға асып кетті.

Алақ көтерілісін басуға Көкпектіден шыққан жаңа отряд бастығы Протопов бейбіт ауылдарға оқ жаудырып, атқа мінген қазақтың бәрін “бандыға” санап қырғынға ұшыратты. Осыдан кейін Алақтағы қанды қырғын Саршоқы оқиғасына ұласты. Зорлық-зомбылықтан үдере көшкендерді Нарын өзені бойындағы Саршоқы деген жерде қуып жеткен қызыл әскерлер пулемет оғының астына алып, жусатып салды.

Дереккөздер

<references/>

  • Қазақ ұлттық энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алақ көтерілісі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}