Алақан соқпақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алақан соқпақ - көбіне бозбала мен жас жігіттер жиылып ойнайтын ұлттық ойын түрі. Ойыншылар шеңбер жасай жайғасады да, өз орталарынан бір адамды «хан» сайлап алады. «Хан» қолына арнайы орамалдан немесе ұзыншалап ұстаған киімді «арқан» етіп алып, ортаға шығады да, отырған ойыншылардың біреуіне келіп алаканын көрсетуін талап етеді. Қыз немесе жігіт өз алақанын көрсетеді. Сол кезде хан олардың алақанынан соғып, «Арқан қайда?» деп сұрағанда, жігіт өзі ұнатқан қызды көрсетеді. «Хан» көрсеткен адамға келіп, алақанын көрсетуін сұрағанда ол адам алақанын көрсетеді. «Хан» оны да алаканынан соғып, жоғарыдағы сұрағын қайталайды. Ол өз кезегінен басқа адамды көрсетеді. Сойтіп ойын ары карай жалғаса береді. Кей кездері екі қарсылас бірін- бірі көрсете береді де, «хан» олардың біреуі жеңілгенін мойындағанынша, демек қарсыластың біреуі көрсетуін доғарғанға дейін алақанын кезек-кезек ұра береді.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алақан соқпақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}