Алақан
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Алақан - дәстүрлі түсінікте кез келген заттың кеңейіп, жалпақтау келген бөлігінің атауы.
- Алқаның кейбір салпыншақтардың шынжырмен, топсамен байланысатын бөлек-бөлек күміс пластинка түріндегі негізгі болігі (толығырақ қ. Алқа).
- Қамшының сабы мен өрімінің түйіскен жеріндегі жалпақ қайысы, яғни өрімнің басы.
- Бұл айылдың ат төсі мен шабын орап түратын бөлігі. Оның бір басына айылбас, бір басына жырым бекітіледі. Ат денесін қажамау үшін алақан жұмсақ қайыстан немесе ызылған құрдан, сондай-ақ ірі қара терісінен тілінген таспадан оріліп жасалады. Ұшына айылбас (тоға) тағылады.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>Үлгі:Stub Үлгі:Wikify