Алақайдың ақтақыры
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Алақайдың ақтақыры – Қызылқұмның солтүгіндегі тақырлы жазық. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қызылқұм мен Ескідария арнасының аралығында орналасқан. Ұзындығы 35 км, ең биік жері 108 м. Төрттік дәуірдің аллювийлі, құмдақты шөгінділерінен түзілген. Жазықта сексеуіл аралас жусанды сораңды шөптесін өсімдіктер өседі. Алақайдың ақтақыры аумағында ежелгі қалалар орны көп.
Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы