Алаш басылымы
Ғ.Жанайдарова, Х.Ғаббасов, Ж.Ақбаев, Н.Құлжанов, М.Әуезов, С.Торайғыров т.б. белсене ат салысқан. “Алаш жолында” деген ерлі-зайыпты Көлбай, Мариям Төгісовтердің мақаласында: “Бүгінгідей екіталай ауыр кезеңде қымбатшылық пен жоқшылыққа қарамай жалғызым деп “Қазаққа” (газет) ғана телміріп қалған кезде, соған серік болуды мақсат етіп, “Алашты” шығарып отырмыз” дейді. Газетте Ресей Думасына қатысу, ішкі, сыртқы саясат, қазақ шаруасының тіршілігі, оқу-ағарту ісі, қыз-келіншектер тұрмысы тақырыбы қамтылған; әдеби-көркем шығармалар да үнемі жариялаған. 50 шақты санынан кейін қаржы тапшылығына байланысты “А.” 1917 ж. мамырда жабылып қалды.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify Қазақ ұлттық энциклопедиясы