Алашан шөлі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алашан шөліҚХР-дың солтүстігінде, Наньшан т. мен Гобь Алтайының арасындағы ойпатта орналасқан. Орташа биіктігі 800 м және одан жоғары. Жер бедері әркелкі. Тектоникалық және аккумулятивті пішіндер, борлы құмтас-малтатасты жазықтар, сондай-ақ барханды құмдар түріндегі эрозиялық пішіндер, ойпаңдар, сор, тақырлар кездеседі. Ауданы 1 млн. км2-ге жуық. Алашан шөлінің бедері салыстырмалы биікт. 150-200 м-ден аспайтын бұйратты (Баян-Ула, Хара-Ула т. б.) және ертедегі гнейс, гранулит, амфиболит, кварциттерден түзілген ұсақ шоқылы, жазық болып келеді. Көшпелі құм алқаптары оңтүстік-шығысында — Тэнгри және солтүстік-шығысында Уланпухо. Ірі өзендері — Жошуй мен Шуйхэ. Жазда муссондық жаңбырдан немесе нөсерден кейін уақытша көптеген өзендер пайда болады. Ең үлкен көлдері: Согонур мен Шарабурду. Өсімдіктерден сексеуіл, бұта, қараған, жусан, қамыс, ши, өлеңшөп т. б. өседі. Жануарлардан бөкен, қоян, саршұнақ, қосаяқ, тасбақа, кесіртке, жылан мекендейді.

Дереккөздер

Қазақ ұлттық энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алашан шөлі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}