Алау батыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алау батыр (шамамен 15 ғ. өмір сүрген) — аты аңызға айналған батыр, қолбасшы.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>


Алау батырдың тегі туралы шежірелерде әртүрлі айтылады. Оны Мөңке биден, Алшыннан тарататындар бар. Шежірелердің басым көпшілігінде Алау батыр Алшынның әкесі деп көрсетілген. Қара Жүргенов пен Жолшора Талдыбаевтардың 1925 ж. жазған шежіресінде Алау батырды Бекарыстан таратады. Шежірелердегі аталар санын демогр. жүйемен есептегенде бүгінгі ұрпақ пен Алау батыр арасы 15 ғ-ға апарады. Оның есімі кездесетін “Қырымның қырық батыры” жырлары да осы Ноғайлы заманының эпосы. Ол туралы қисса да бар. қ. “Алау батыр”. "Алау Батыр" - "Қырымның қырық батыры" топтамасына енетін жыр. Нұсқасы толық, тұтастай 7-8 буынды жыр үлгісімен шығарылған. 1942 ж. Мариям Исаева стенограмма әдісімен жазыған. Жырда елді сыртқы жаудан қорғау, туған жері, Отаны үшін жанын аямау идеясы қиял-ғажайып ертегі сарындарымен ұштасып, Алау батыр халық қорғаны, қамқоршысы бейнесінде суреттеледі.


"Алау батыр" жыры алғаш рет "Қазақ халык әдебиеті" көп томдығының 12-томында жарық көрді (1990). Түпнұсқасы Орталық ғылым кітапхана қорында сақтаулы.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Қазақ ұлттық энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алау батыр|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}