Алатөбе мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны

Алатөбе мұнай кен орны - Маңғыстау облысы Ақтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 33 км жерде орналасқан кен орны. Мұнайлы құрылым 1977 жылы анықталған. Барлау жұмыстары 19801982 жылдары жүргізілген.

Геологиялық құрылымы, сипаты

Құрылым жартылай күмбез тәрізді көтерілімде орналасқан және солтүстік-батыс бағытында тектоникалық жарылыммен шектелген. Мұнай кені тереңдігі 3875 м-дегі тектоникалық жарықтарға жанасқан орта триас кезеңінің карбонатты тау жыныстарында шоғырланған. Мұнайлы қабаттың жалпы қалыңдығы 60 м, тиімді қалыңдығы 17,8 м; ашық кеуектер 17%, өткізгіштігі 0,74 мкм2, мұнай сіңірімділік коэффиценті 0,74. Бастапқы қабат қысымы 52,5 МПа. Ұңғыманың тәуліктік өнімділігі 180 м3.

Құрамы

Мұнайы жеңіл (0,844 г/см3), парафин мөлшері 9,3%. Мұнайдың 300°С-қа дейінгі фракция шығымы 41%. Барланған геологиялық қоры бойынша Алатөбе мұнай кені орташа кен орны болып есептеледі.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> <ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. SBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алатөбе мұнай кен орны|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}