Алатағы қорымы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Алатағы қорымы — Сарысу өзенінің төменгі оң жағасында, Алатағы жазығындағы ескерткіш-қорым. Тікбұрышты шикі кірпіштен салынған. Бейіттерден сақталғандарының ең үлкенінің көлемі 4,5 х 4,5 м. Алатағы қорымы кейінгі ортағасырлық құрылыс деген болжам бар. Қорымда осы өңірге әйгілі Талмас атаның (оның кесенесі Сарысу өз.-нің жоғарғы жағындағы Қаражарда) тұлпары жерленген деген де аңыз бар. Ә.Марғұлан Алатағы жазығын Сығанақ хандарының жазғы мекені дейді.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify