Алас-құлас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Түсіндірме сөздігімізде бұл қос сөздің «алас-қапас» түрі де кездеседі. Мағына жағынан бірінен-бірі онша алшақ кетпейді:

қарбалас, асығыс, апыл-ғұпыл, тығыл-таяң мағыналарын береді. «Ауыл алас-күлес» немесе «Осы алас-қапаста ақ түйені іздемек болған адамның жартысы... ауылдан аттанып та кетті» («Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» — ҚТТС, 1974). Орфографиялық сөздікте бұл іспеттес қос сөздің — алас-қалас, алас-қапас, алас-құлас түрлері ұшырайды.

Көрсетілген қос сөздердің қай-қайсысында да тұлғасы жағынан өзгеріске түспегені — бірінші сыңары — «алас». Осыған қарағанда, қос сөздің мағыналы сыңары — біріншісі болар да, екіншісі соның сарынымен ыңғайласа туған болса керек деген ой келеді. Бірақ бұл жорамалымызды кейбір тілдік деректер қуаттамайды.

Алдымен қос сөздің алғашқы сыңарының түңғыш мағынасы туралы. Түркі тілдерінің ішінде тұлға жағынан бұған сәйкес келерлік сөзді якут тілінен табамыз: ааллас — тобырлану, топтану; тобырлана қозғалу. Түркі тілдерінде алғаш осындай мағынаға ие болған сөз кейін келе сол тілдердің кейбіреуінде (мысалы, қазақ тілінде) «тобырлана қозғалудан» пайда болатын істің берекесіздік қалпын аңғартуға ауысуы да ықтимал. Әрине, асығыс, қарбаластық — берекесіз қозғалыс нәтижесі болмақ.

Екінші сыңары—«құлас» та осы «тобырлана қозғалудың» бір қырын аңғартатын мағыналы сөз екендігін тағы да якут тілінің мәліметі анықтап береді: кулаһый — айналу, үйірілу, тыпырлау сияқты мағыналарда қолданылады. Осы тұлғадағы «һ» дыбысы қазақ тілінде «с» болып дыбысталатынын ескерсек, «құлас» сөзінен алшақ кетпейтінін көреміз. Ал мағынасы «тобырлана қозғалудағы» іс-қимылдың түрлі қалыпта болатынын сездіргендей. Осы тұрғыдан қарасақ, «алас-құласымыз»«берекесіз қозғалыс, тыпыршу» деген мағынамен бара-бар. Бұл қос сөздің «алас-қалас» түрі «алас-құластың» дыбыстық нұсқаларының бірі болмақ.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}