Аласеи

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аласеи - арнайы латын-америкалық ақпарат агенттігі (Agencia Latinamericana de Servicios Especiales de Information-ALASEI).<ref> Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>

1983 жылы 10 қазанында Мексикада ЮНЕСКО-ның ұйғарымымен (ЛАЭС) Латын Америкалық экономика жүйе негізінде континентте ірі батыс агенттіктерінің ақпаратты шынайы беру, Латын Америка мен Кариб бассейніндегі оқиғаларды әділ жария ету мақсатында кұрылды. Толыққанды қызметін 1985 жылы бастады. Агенттіктің негізін қалаушылар - Боливия, Венесуэла, Гаити, Доминикан Республикасы, Коста-Рика, Куба, Мексика, Никарагуа, Панама, Эквадор. Экономика, ғылым, техника, мәдениет, елдің аумағындағы интеграция мәселелеріне байланысты сараптамалық сипаттағы ақпараттарды таратады.

Латын Америка мен Кариб бассейнінің 27 елдеріне, сонымен қатар шеткі аймақтарға ақпарат таратуды жобалауда. Агенттік Латын Американың және Кариб бассейнінің және де БҰҰ штаб-пәтері жанынан 26 тілшілер пунктін ұйымдастыруды алға қойып отыр. Штаб-пәтері - Мехико (Мексика) қаласында.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}