Акциздер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жанама салық түрі. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына шеттен әкелінетін тауарларға акциздік салық салынады. Акцизделетін тауарлардың тізбесі: спирттің барлық түрлері; алкогольдік өнімдер; темекі бұйымдары; құрамында темекі бар басқа бұйымдар; бензин (авиациялық бензиннен басқа); дизелдік отын; жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа); газ конденсатын қоса алғандағы шикі мұнай.

Қызметтің акцизделетін түрлері мыналар болып табылады: ойын бизнесі; лотереяны ұйымдастыру және өткізу.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}