Акциз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Акциз (Үлгі:Lang-fr, Үлгі:Lang-la — кесу) — тұтыну тауарларының және көрсетілетін қызметтердің бағасына қосымша салынатын салықтың бір түрі. Республикада өндірілген және сырттан келетін тауарларға, бәсеке бизнесіне акциз салынады. Акцизделетін тауарларға спирттің барлық түрі, сусын, шырын, арақ-шарап, коньяк, шампан шарабы, сыра, темекі өнімдері, бекіре мен қызыл балық, олардың уылдырығы, алтын, платина немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, хрусталь бұйымдары, бензин (авиация бензинінен басқасы), дизель отыны тағы басқалар жатады (1998). Сапасы мен бағасы жақын (тұз, шырпы, қант тағы басқалар) тауарларға салынатын бірыңғай акциз, ортақ белгілеріне қарай (шараптың күші, матаның беріктігі тағы басқалар) жіктелетін тауарларға салынатын ажыратылған акциз, тауардың өлшем бірлігінен қатаң мөлшермен алынатын жеке акциз, сорттарының бағасы әртүрлі деңгейдегі бірыңғай тауарларға арналған орташа акциз деген түрлері бар. Қазақстан Республикасының үкіметі акциз мөлшерін бекітерде осы жайлардың бәрін ескереді. “Акциз туралы” Қазақстан Республикасының Заңы (24.12.1991) мен “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Президентінің Заң күші бар Жарлығында (24.04.1995), Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің қаулыларында акциз мәселелеріне байланысты көптеген шаралар жүзеге асырылды.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Акциз|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}