Акт (театр)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Акт (латынша actus — әрекет) — драмалық шығарма немесе театр қойылымының аяқталған бір бөлімі. Акт театрда үзілістерге, сондай-ақ бірнеше кішігірім көрініс, сурет, эпизодқа бөлінуі де ықтимал. Спектакльдің 5 актге тұңғыш бөлінуі Көне Рим театрында болған. Бірқатар Шығыс елдерінің (Жапония, Иран, Қытай, Үндістан) клиссик. театрларында пьеса оншақты актге жеткен. Қазақ театрында М.О.Әуезовтің “Еңлік-Кебек” пен “Қарагөз” трагедиялары 4, ал “Тас түлек” пьесасы 5 актке бөлінген.<ref>Қазақ энциклопедиясы I том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify