Актиномикоз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Актиномикоз (грекше aktіs (aktіnus) — сәуле және mykes — саңырауқұлақ) — актиномициттер қоздыратын жұқпалы ауру. Актимикозбен көбіне жануарлар шалдығады, ал адамдар сирек ауырады.<ref>Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3</ref> Актиномикоз табиғатта кең тараған. Ол топырақта, жануардың ішек-қарнында, арпа-бидай дәндерінде ұзақ сақталады. Актиномикоз адам аузының шырыш қабатында, ішек-қарнында, жоғарғы тыныс алу жолында әрқашан кездеседі, бірақ зиян келтірмей тіршілік етеді. Ағзадағы қорғаныс қызметі төмендегенде (тұмау, аппендицит, туберкулез тағы басқа) адамдар актиномикоз ауруларына шалдығады. Ол көбінесе мойын терісін, асқазан мен өкпені зақымдайды. Актиномикозды операция жасау, антибиотиктер егу, сәулемен күйдіру арқылы емдейді. Аурудың алдын алу үшін қабынған ошақтарды (әсіресе ауыз қуысын, тісті) уақтылы емдеу қажет.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Medsci-stub