Активтендірілген көмір

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Aktivkohlerp.jpg
Активтендірілген көмір

Активтендірілген көмір — сорғыштық қабілетін арттыру үшін арнаулы өңдеуден өткізілген, яғни активтендірілген көмір. Нәтижесінде жақсы активтендірілген көмір үлкен аумақты copy беті бар көмір (1 г 800 м2 бос беті болады), улағыш заттарды және ішінара биологиялық аэрозолдарды соратын адсорбент алынады. Активтендірілген көмір ауаны радиоактивті тозаңнан, биологиялық заттар мен түтіндерден сүзу аркылы тазартады. Активтендірілген көмірді газтүмылдырык қорабында және қорғаныс ғимараттарына арналған сүзгісорғышта пайдалану осыған негізделген.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001</ref>

Активтендірілген көмір — арнаулы әдіспен өңделген көмір. Онын ауадан әр түрлі газдарды, су ерітінділерінен ион және молекулаларды сіңіру қасиеті жоғары.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9</ref>.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Әскери іс {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}