Аккумуляттану

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аккумуляттану (латынша accumulatіo — жиналу, топталу) — геологиялық процестердің нәтижесінде бұзылған борпылдақ тау жыныстары мен минералдардың, органикалық қалдықтардың жер бетіне немесе теңіз, көл, су түптеріне жиналуы. Олардан диагенез нәтижесінде шөгінді тау жыныстары пайда болады. Шөгінділердің су түбіне жиналуын субаквалдық аккумуляттану құрлық бетінде жиналуын субаэралдық аккумуляттану деп атайды. Жиналу орындары мен пайда болу себептеріне қарай аккумуляттануның теңіздік, көлдік, өзендік, желдік, мұздық, органогендік т.б. түрлері бар. Аккумуляттану нәтижесінде аккумуляттанған жер бедері қалыптасады.

Аккумуляттану — скреперлейтін, төмен түсіретін немесе арнайы жинақтайтын қазбаларда және де жер асты мен жер бетіндегі қоймаларда пайдалы қазбасындыларды (бос жыныстарды) уақытша сақтау. Пайдалы қазындыларды уақытша жинақтау тәсілі тиеу мен тасымалдау құалдарын біркелкі және тиімді пайдалануға, сонымен қатар пайдалы қазындыларды сапалы сақтауға мүмкіндік береді.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9</ref>.

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аккумуляттану|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}