Аквакешендер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аквакешендер – су молекулаларының қатысуымен түзілетін химиялық қосылыстар. Мұндай кешендік қосылыстарда су молекулалары лиганд ретінде болады. Көп зарядты катиондар сулы ерітінділерде әрдайым аквакешендер түзейді. Гидратталған иондармен салыстырғанда аквакешендер координаттанушы сандардың дәл мәнімен және орталық ионның айналасына лигандтардың орналасуымен сипатталады. Мысалы: [Ве(H2O)4] 2+ – құрылымы тетраэдрлік, ал [Со(H2O)6]2+октаэдрлік. Аквакешендердің кристалында тұздың кристалгидратына қарағанда су молекуласының металл ионымен байланысы берігірек келеді; кристалдық су тұздың ионымен де байланыса алады. Кейде координаттанған және кристалданған су қатар кездеседі, мысалы: [Fe(H2O)6]SO4H2O ашудасы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақ энциклопедиясы I том

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аквакешендер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}