Академик Қаныш Сәтбаев (суретті альбом)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Академик Қаныш Сәтбаев - Алматыда 1999 жылы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген суретті альбом. Басылымның демеушісі - «Шеврон Мұнайгаз» ИНК. Бас редакторы - В.С.Школьник. Қаныш Сәтбаевтың ғұмырнамасы суреттер мен құжаттар негізінде баяндалған. Республиканың мемлекеттік мұрағатындағы, Ғылым Академиясындағы, Қаныш Сәтбаев атындағы мұражайдағы, оның серіктестерінің, туыскандарының, шәкірттерінің жеке мұрағаттарындағы барлық деректер толық қамтылған, бұл мұрағаттар ғалым ғұмырнамасын бұрын белгісіз болып келген жайттармен толықтырып, байыта түседі.

Сәтбаевтың суреттерде бейнеленген қас-қағым сәттері, ол бағалаған, оқыған, өзгертулер енгізген, ескертпелер жасаған, қарарлар жазған құжаттардың фотокөшірмелері арқылы оқырман қауым оның шынайы бейнесін көре алады. Альбом фотосуреттермен, түрлі түсті суреттермен әсем безендірілген. Көлемі 160 бет. Таралымы 1500 дана.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Академик Қаныш Сәтбаев (суретті альбом)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}