Академик Қаныш Сәтбаев (жинақ)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Академик Қаныш Сәтбаев - ғалымды еске түсіруге арналған жинақ. 1965 жылы «Ғылым» баспасынан орыс тілінде жарық көрген. Кітапқа Қаныш Сәтбаевпен бірге қызмет атқарған көрнекті ғалымдардың, оның шәкірттері мен өмірінің әр кезеңінде ғылыми, өндірістік және қоғамдық қызметте болған адамдардың мақалалары енгізілген.

Бұл естелік-мақалаларда ұлы ғалымның өсу жолы, Қазақстан ғылымының жетекші салаларының басты-басты өркендеу сатылары және оны қалыптастыру ісіндегі Сәтбаевтың рөлі жан-жақты баяндалған. Ғалымның республиканың аса бай минералдық қорларын зерттеу, металлогендік ғылымының күрделі мәселелерін талдау барысындағы жемісті қызметі әр қырынан ашылады. Әсіресе оның аса қымбат Жезқазған мыс кен орындарын ашу, Жезқазған мыс қорыту комбинаты құрылысын салу және Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының Геологиялық институтын ашып, қалыптастыру жолындағы белсенді еңбегі ерекше атап көрсетілген.

Кітапта Сәтбаевтың Жезқазған мыс кен орнын зерттеу мен игерудегі және Жезказған мыс қорыту комбинатының, Қазақ КСР Ғылым Академиясы Геологиялық ғылымдар институтының құрылысын жүргізудегі қызметіне елеулі орын берілген. Жинаққа Ш.Шокин, Ш.Есенов, П.Антропов, П.Тәжібаева, И.Бок, С.Бәйішев, И.Галузо, тағы басқалары көрнекті ғылымдардың мақалалары мен естеліктері енген.

Жинақ Сәтбаевтың фотосуретімен ашылып, ғалым өмірінің әр кезеңінен елес беретін суреттермен, деректі құжаттармен, қолжазба көшірмелерімен көркемделген. Көлемі 19,3 баспа табақ, таралымы 5000 дана.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Академик Қаныш Сәтбаев (жинақ)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}