Ай фазалары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Ай фазалары.jpg
Ай пішіндерінің өзгеруі

Қалыпты жағдайда аспан әлемінде байқалатын ай тұрақсыз күйде болады. Ол, біресе шар тәріздес домалақ күйде жарқырайды, біресе орақ тәріздес күйде кішірейе бастайды, біресе аспан денесінен мүлдем жойылып кетіп, кейінірек орақ тәріздес күйде өсуші пішінге айналып отырады. Мұндай барлығына белгілі ай пішіндерінің өзгеріске ұшырауы, ай фазаларының ауысымы деп аталады.

Ай фазалары

Ай жер бетне, негізінен, күн сәулелері арқылы көрінеді, ал ай фазаларының өзгеруі - ол жер бетіндегі қарапайым адамға байқалатын үрдіс немесе өзгеріс. Негізінен ай, әрине, шар тәріздес күйін сақтап қалады, мұнда тек қана күннен түсетін сәулелердің бағыттары өзгеріп отырады.

Ай фазалары - жер бетінен байқалатын, күн сәулелерінің бағыттарының өзгеруінен, айдың көрінетін бөлігінің әр түрлі пішіні. Ай түрінің өзгеруі оның Жерге және өзіне жарық түсіретін Күнге қатысты әр түрлі қалыпта орналасуы.

Жыл бойындағы ай фазалары

Айды бақылағанда әртүрлі көруіне байланысты 7 фаза, көрінбей тұрғандағысын қосса 8 фазаны ажыратады.Олар:1Жаңа ай,Толысқан жарты ай,Бірінші тоқсан,Толысқан дөңес ай,Толық ай,Дөңес ай,Үшінші тоқсан,Кішірейіп жатқан жафазаларА йдың Күнге қатысты тәуелдігіне байланысты анықталатындықтан, қолдануға маңызды ретінде 4 фаза қарастырылады. Олар: жаңа ай, толған ай, өсуші ай, кемуші ай.

Сурет:Күнтізбе.gif
2014 жылға арналған ай фазасының күнтізбесі

Жаңа Ай

Жаңа Ай- бұл айдың мүлдем көрінбей қалатын кезеңі, бұл кезде кемуші айдан өсуші айға ауысым процесі өтеді. Біраз жылдық тәжірибе бойынша бұл кезеңде адам бойында энергия таусылып, потенциал жоғарылайды.

Толған Ай

Толған Ай- бұл айдың дөңгелек шар тәрізді пішіндес тиолықтай жарқырауы, бұл кезде өсуші айдан кемуші айға ауысым процесі өтеді. Біраз жылдық тәжірибе бойынша бұл кезеңде адам бойында энергия біршама көтеріліп, керісінше потенциал азаяды.

Өсуші Ай

Біраз жылдық тәжірибе бойынша бұл кезеңде адам бойында энергия толып, астралдық информация көбейеді. Бұл кез жақсылықтың бастауы болып табылады.

Кемуші Ай

Бұл кезең ғалымдардың айтуы бойынша адам бойындағы энергия толықтай таусылып, дем алуға жақындауы болып табылады.

Ай фазаларының адамға әсері

Ай фазалары адамға келесідей әсер етеді деп есептелінеді: Ай толық кезінде көптеген адамдардың ой, күш-қуатының артады. Ескі ай кішірейіп, жоқ боларда және жаңа ай туғанша адамдардың көңіл –күйі төмендейді. Интеллектуалды өрлеу, шарықтау айдың 1/4 бөлігінен толық айға айналғанға дейін артады. Жаңа туған ай - өзіне жайлы, елге жайсыз. Ал айдың шалқайып немесе тік тууы егін шаруашылығына ынғайсыз.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер <references/>

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Commons

Қолданылған әдебиеттер

Үлгі:Refbegin

  • «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9