Айқаат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айқаат (араб — кесім, норма) — мұсылманшылық құқықта: өзара қарым-қатынас жасаушы тараптардың заң жүзінде жасалатын келісімдерін талап етпейтін міндеттемелерінің жиынтық атауы.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref> Ол әркімнің ішкі сенімі арқылы пайда болып, ерікті түрде жүзеге асуға тиіс. Екі жақтың өзара келісімі талап етілмегенімен, айқаатқа міндетті түрде куәгерлер қатысады, сот жол-жоралғылары (яғни, сот процесі өткізіледі, іс қағаздары, құжаттамалары ресімделеді, т.б.) атқарылады. Айқаатқа енген міндеттемелер өз мәндеріне орай 4 бөлімнен тұрады.

  • Бірінші бөлім — отбасы тұрмысына қатысты міндеттемелер. Оған:
1) ажырасу;
2) ғайбат, көңіл қаларлық сөз айту;
3) ашына (ойнас) еместігі жайында ант ету;
4) қарғыстар туралы тарау кіреді.
  • Екінші бөлім — құлдардың хал-ахуалдарына қатысты міндеттемелер. Оған:
1) жалпы құл жағдайы;
2) құлдарды қожасының еркімен азат етуі;
3) құлдарды заңды түрде азат ету;
4) қожасы өлгеннен кейін азат ету;
5) құлдарды сыйлық шарты бойынша азат қылу;
6) қашқын құлдарды іздеп табу шаралары;
7) күңдермен отасу және олардан туған балалар туралы тараулар кіреді.
  • Үшінші бөлім — сот ісін жүргізуге қатысты міндеттемелер. Оған:
1) мойындау;
2) ант ішу тараулары кіреді.
  • Төртінші бөлім — діни серт беру және күнә мен қылмыс жасаушылардың өкіну (арылу) мәселелерін қамтиды.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 1-том</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}