Айғырұшқан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

АйғырұшқанҚазақстан аумағында орналасқан ежелгі қорым.

Орналасуы

Қожайтоғай ауылының солтүстік шығысына қарай 30 км жерде. Айғырұшқан тауының үстінде. 2004 жылы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің және Шымкент қалалық археологиялық және этнологиялық экспедициясы зерттеген. Айғырұшқан тауы солтүстік-шығыстан, оңтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Тау үлкен екі бөліктен тұрады.

Бөліктері

Бірінші бөлігі үлкен, үсті жайпақ, солтүстік-батыс жағы тегіс, оңтүстік-шығыс жағы тік жарлы болып келген. Екінші бөлігі биік шоқы, бас жағы оңтүстік-шығысқа қарай иіліп келген. Айғырұшқан тауында таспен үйілген үлкенді-кішілі 8 және бірнеше ұсақ обалар бар.

Бірінші оба

Бірінші оба екі тау жотасының арасында, аумағы 15,80х14,20 м, ортасының тастары алынып сай болған. Аумағы 6 м, тереңдігі 50 см. Оба биіктігі 1,30 см. Қалған жеті оба тау жотасының үстінде жатыр.

Екінші оба

Екінші оба жота жиегінен 50 м, оңтүстік жиектен 5 м қашықтықта орналасқан. Аумағы 5,8х5 м, биіктігі 20 см, екіншісі оба мен төртінші оба арақашықтығы 98 м, төртінші оба оңтүстік жота жиегінен 7 м жерде, аумағы 12 м, биіктігі 70 см.

Ең аумақты оба

Обалардың ішіндегі ең аумақтысы 5 оба жота жиегінен 31 м жерде орналасқан. Аумағы 18х18 м, биіктігі 1,70 см болып табылады. 6-шы оба 5 обамен жалғасып жатыр. Аумағы 9,50х9 м, биіктігі 70 см. Осы 5, 6 обалардың оңтүстік жағында он шақты ұсақ обалар бар. Олардың біразының орындары аласа шұңқыр болып қалған. 6 обадан 33 м қашықтықта 7 оба бар, аумағы 12х12 м, 8х7,50 м, биіктігі 50 см болып келген. Қорым темір дәуіріне жатқызылады.


Дереккөздер

<references/>