Айырша без

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айырша без (грек, thymus — тимус) — омыртқалы жануарлар мен адам организмдеріндегі иммундық жүйенің қалыптасуы мен оның қызметінің толық атқарылуын қамтамасыз ететін без. Айырша без иммундық жүйенің орталық мүшесіне жатады. Ол көкірек қуысында орналасқан тақ көкірек бөлігінен және кеңірдектің екі қапталында жатқан жұп мойын бөлігінен тұрады. Адам мен жануарлар организмдеріндегі жасушалық және гуморальдық (сұйықтық) иммунитеттердің қалыптасуында маңызды рөл атқаратын Т лимфоциттердің түрліше популяцияларын түзу арқылы айырша без денедегі иммуногендік қызметті реттеуге қатысады. Ол гуморальды фактор — тимозинді организмнің ішкі сұйық ортасына (қан, лимфа, ұлпа сүйығы) бөліп, шеткі лимфоидты мүшелер — лимфа түйіндері мен көкбауырдағы лимфоциттердің көбейіп жетіліп, әсерлі (эффекторлы) клеткаларға айналуын қамтамасыз етеді. Құрылысы жағынан айырша без лимфоидты-эпителиальды мүшелерге жатады. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Айырша безі

Айырша без(тимус) кеуде қуысында кеңірдектің жоғарғы ұшын жауып тұрады. Адамның балалық шағында ірі (30грамм) толады. Жыныстық жетілуден кейін кішірейеді (20грамм). Қызметі : 1)Бұл без тимозин гармонын бөледі, ол ағзада иммундық жүйеніңорталық жүйесі болып саналады.т 2)Тимозин гармоны жетіспесе, ағзаның иммундық қысиеті төмендейді. 3)Көкбауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары азайып, қарсыдене түзілмейді.

Дереккөздер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айырша без|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}