Айырбастау бағамы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Forex.svg
250px
Айырбастау бағамы — шетел валютасына бейімделген сол елдің ақша бірлігінің бағасы, яғни бір мемлекеттің ақша бірлігі құнының екінші бір мемлекеттің ақша бірлігінің құны.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9</ref> Айырбастау бағамының түрлері:
- өзгермелі — валютаны еркін сатып алу-сату нарығы жағдайындағы, нарықтық ауытқулардың нәтижесінде белгіленеді;
- номиналдық — екі валютаның құндарының қатынасы ретінде есептелетін бағам;
- тіркелген — айырбас бағамы мемлекет тарапынан қатаң түрде белгіленген айырбастау қатынасы;
- нақты — валюталардың тауарлы қатынасын керсететін айырбастау бағамы, яғни әртүрлі валютада бейнеленген бір ғана тауардың бағасының қатынасы.<ref>Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: «Жеті жарғы», 2011. — 368 бет. ISBN 978-601-288-026-7</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify