Айымбетов Нығмет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айымбетов Нығмет (28.9.1933. Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылы - 13.11. 2008. Алматы) - журналист. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б.ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

ҚазМУ-ді бітірген (1956).

Шығармашылық қызметін «Лениншіл жас» газетінің Батыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі қызметінен бастады. Бұдан соң Гурьев облысы «Социалистік құрылыс» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1960 жылы Ақтөбе облысы телерадио комитетінде қызмет істеді. Республиканың батыс өңіріндегі жаңа сала - тележурналистиканың негізін салуға атсалысқандардың бірі.

1970 жылы Гурьев облысының радио комитетінде, кейін Байғанин ауданындағы «Ленин туы» газетінде, Жамбыл облысындағы «Еңбек туы» газетінде, республикалық «Мектеп» баспасында редакторлық қызметтер атқарды.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}