Айшықты үнді, қоңыржай дауысты сақтай білу үшін дикторға қажетті нәрселер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айшықты үнді, қоңыржай дауысты сақтай білу үшін дикторға қажетті нәрселер – 1. Диктордың саяси, жалпы білім және мәдени дәрежесі жоғары болуы керек. Бұл - дикторға қойылатын негізгі шарттың бірі. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

2. Қай мамандықты болсын, соның ішінде диктор мамандығын да жетілдіріп отырған абзал. Сағат санап, күн санап шығармашылықпен дамытып отырған дұрыс. Ал диктордың алған актерлік білімі болса, бұл осы мамандықты толық игеруге көп септігін тигізеді.

3. Диктор микрофонға материал оқығанда, оның кімге, қандай аудиторияға арналып отырғанын анық біліп, сөзді, сөйлемді сол мамандық адамдарының талап-талғамына қарай үйлестіре оқуы керек. Егер хабарлар мазмұны жағынан терең, формасы мен әдісі жағынан жүрекке жылы, тыңдаушы көкейіне қонымды болса, олар мазмұнды әрі әсерлі оқылады.

4. «Айтылған сөз - атылған оқ». Осы нақыл әр диктордың жадында әрдайым болуы тиіс. Өйткені ауыздан шыққан сөзді қайтарып ала алмайсың! Микрофонға материал оқып отырғанда есіл-дертің, ақыл-назарың тек соның үстінде болсын.

5. Дикторлық шеберліктің өзіндік құпиясы бар. Саяси мәлімет әдеби туындыдан әлдеқайда ерекше оқылады. Сөйлеу мәнері сөз ұғымымен астарлас болуы керек. Оған қоса оқылатын материалдарды алдын ала оқып, танысу міндет.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}