Айша Көпжасарова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айша Көпжасарова (24.9. 1941 жылы туған, Тараз) – ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

Өмірбаяны

  • 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
  • Облыстық «Еңбек Туы» (Қазіргі «Ақ жол») газетінде еңбек жолын бастады.
  • 20 жыл қатарынан мектепте ұстаздық етті.
  • 1980 – 1999 жылы Жамбыл облыстық қазақ драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі болды.

Шығармалары

  • Алғашқы өлеңдері 1978 жылы «Шұғыла» топтамасында шықты.
  • 1980 жылы «Жаз келді» атты тұңғыш кітабы
  • 1982 жылы «Бақытым менің»
  • 1986 жылы «Соны соқпақтар» атты жыр кітаптары жарық көрді.
  • 1999 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан облыс ақын-жазушыларының «Өлеңдер мен әңгімелер» жинағына бір топ жырлары енді.
  • Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған «Тал бесігім – Таразым» атты таңдамалы жыр жинағы 2001 жылы жарық көрді. Ақын жырлары сыршыл нәзіктігімен тартымды.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>Тараз Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер