Айша Курин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айша Курин1941 жылы Ыстамбұлда дүниеге келген түрік жазушысы және журналист <ref>http://tr.wikipedia.org/wiki/Ay%C5%9Fe_Kulin</ref>.

Биографиялық шығармалары, романдары көп оқылатын жазушылардың бірі болып, көптеген сыйлықтардың иегері. Шығарма жазуда өзіндік стилі бар жазушының бірнеше әңгімесі сценарий ретінде өңделіп театр сахнасында көрсетілді. Арнавуткөй америкалық қыздар колледжінің түлегі. Әртүрлі газеттер мен журналдарда редактор және корреспондент болып қызмет атқарған. Көп жылдар бойы теледидарда жарнама және фильмдердің көркемдік жетекшісі мен сценаристі болып жұмыс атқарған. 1984 жылы «Güneşe Dön Yüzünü» атты әңгімелер жинағы жарық көреді. Осы кітаптағы «Gülizar» атты әңгіме желісімен «Kırık Bebek» атты сценарий жазылып, фильм түсіріледі. Осы фильм 1986 жылы Мәдениет Министрілігінің сыйлығын иеленеді. 1986 жылы «Ayaşlı ve Kiracıları» атты телехикаяның көркемдік жетекшісі қызметін атқарғаны үшін Театр сценаристері бірлестігінен «Ең үздіккөркемдік жетекші» сыйлығының иегері атанады. 1996 жылы Мүнир Нуреддин Селчуктың өмірі туралы жазылған «Bir Tatlı Huzur» атты кітабы жарық көреді.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}