Айтық ескерткіші

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айтық (Айтыкин) — сәулет ескерткіші. 20 ғасырдың басында Павлодар қаласының бұрынғы “мещан” бөлігінде салынған.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 1-том</ref>

Айтық саудагердің үйі. Үйдің жобасы Г-әрпі түрінде, биік ірге тасқа кірпіштен қаланған. Төбесі алғашқыда қаңылтырдан жабылған. Қабырғалары кірпіштің өзімен сәнді өріліп, безендірілген. Төбе жақтаулары темірден соғылған өрнекті шарбақшамен қоршалған. Қаңылтырдан жасалған су ағызатын құбыры осы күнге дейін сақталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}