Айтбек Жақсылықұлы Нығызбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айтбек Жақсылықұлы НығызбаевҮлгі:Туғанкүні, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылында дүниеге келген. Әнші. Қазақстанның халық әртісі (2014).

Өмірбаяны

  • 1985 жылы Алматы қаласындағы эстрада және цирк өнері студиясына оқуға түседі.
  • 1989 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қ.Байбосыновтың сыныбын аяқтап шығады.
  • 1989 жылы жолдамамен Қазақконцерт бірлестігіне келіп, Қазақстан халық әртісі Р.Бағланованың ансамблінде жұмыс істеген.
  • 1995 жылдан Қарағанды қаласы Қ.Байжанұлы атындағы облыстық филармонияда әнші болып жұмыс істеген.
  • 1999 жылдан Қазақ Ұлттық Еуразия университетінде ән бөлімінде сабақ берді, әрі "Шалқыма" фольклорлық ансамблінде жұмыс істеген.
  • 2002 жылдан бастап Қазақ Ұлттық музыка академиясында халық әні бөлімінде жұмыс істеді. Онымен қоса Астана қалалық филармониясында қосымша әнші болып жұмыс істейді.

Жетістіктері

  • 1992 жылы Ә.Қашаубаев атындағы республикалық байқауда жүлдегер болды.
  • 1998 жылы Ж.Елебеков атындағы республикалық байқауда жүлдегер атанды.
  • 1998 жылы "Шабыт" халықаралық байқауында лауреат атанды. <ref>Жаңаарқа әншілері. Астана, 2009 ж.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер