Айтбақы Біләлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айтбақы Біләлов ((Андрей Беляев, 1958 жыл - 2013 жыл, 11 ақпан) — "Валют-Транзит-Банктің" 10 жылға сотталған бұрынғы төрағасы.

Біләлов 2011 жылдың жазында қылмыстық топ құрды, қызмет бабын асыра пайдаланды, банк қаржысын ұрлады деген айыптар бойынша 10 жылға сотталған еді. Ол 2008 жылы да қаржылық қылмыс жасады деген айыппен үш жарым жылға сотталып, жаза мерзімі 2010 жылы тамызда аяқталған. Бірақ ол кезде жаңадан қылмыстық іс қозғалып, Айтбақы Біләлов қайтадан тұтқындалған.

Қарағанды облыстық медицина орталығының жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің хабарлауына қарағанда, ол ауруханаға 10 ақпанда жазасын өтеп жатқан Қарабас кентінде жалпы режимдегі түзеу мекемесінен жеткізілген. Алдын ала ақпараттарға қарағанда, ол "миокарда талмасынан" қайтыс болуы мүмкін. <ref>"Валют-Транзит-Банктің" бұрынғы басшысы қайтыс болды</ref>

Дереккөздер

<references/>