Айтбай ата-Ақмешіт мешіті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мешіт

Мешіттің мекен-жайы

«Айтбай ата-Ақмешіт» мешіті Шымкент қаласы, Абай ауданы, Самал-3 елді мекенінде орналасқан 2006 жылдың сәуір айында құрылысы басталып 22-қыркүйек күні ашылды.

Мешіттің салынуы мен сипаты

Айтбай ата ұл-қыздарының демеушілігімен салынған бұл мешіт ҚМДБ-ға 2009 жылы тіркелген. Мешіттің жер көлемі 0.17 га. Мешіт ауданы 18 х 15 метр, 3-бөлмесі бар, Залы 13х12 метр, әйелдер бөлмесі 2,6х6 метр, имам бөлмесі 2,6х6 метр, мешіттің биіктігі 6,5 метр, күмбездің ені 6,5 метр, күмбездің биіктігі 9,5 метр, мешіттің іргетасы бетон, қабырғасы м-100 маркалы күйген кірпіштен өрілген, дуалдың ені 50 см, сырты сары және ақ кірпіштен өрнектеліп қапталған, төбесі профнастильмен жабылған.

Мешітте азан айтатын дауыс күшейткіш бар. Мешіттің ішінде арнайы біркелкі жайнамаз кілем төселген. Мешіттің жылу жүйесі еденнен жылиды. Мешітте 4-есік, 6-терезе бар. Ауласында жеміс ағаштар егілген және 2-орындық арнайы салынған дәретханасы бар. 1-бөлме қарауылхана, 1-бөлме котельный бар. Су құбыры өткен.

Үлгі:NavboxҮлгі:Navbox