Айсаұлы Әмет жыры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

“Айсаұлы Әмет” — көне тарихи жыр.

Жырдағы Айсаұлы Әмет қазақ тайпаларының ең алғаш басын біріктірушілердің бірі болған (14 ғасыр). Жас кезінде Алтын Орда ханы Жәнібектің қарамағында қызмет істеп, кейін оған бағынбай, қырға шығып кетеді. “Қырға шығып кетудің” басы осы Әметтен басталады.

Аңыз

Ел аузында Әмет туралы тарихи аңыз сақталған: Жәнібек хан аңға шыққанда Әмет оның қызын алып қашады. Хан аңнан оралған соң болған оқиғаны біліп, қыз бен жігітті іздетеді, бірақ таба алмайды. Екі жыл өткен соң қыз жүкті болғанын айтып, әкесіне хабар береді. Жәнібек Алшын Алау бастаған үш жүз кісіні қырға жібереді. Олар қайтпай, сонда тұрып қалады. Жәнібек өлген соң, Әмет Бердібекке келіп қосылады. Ханның жарты жұртын билейді. Ел аузындағы бұл аңызды Орынбордағы Неплюев корпусының оқытушысы Салихджан Кукляшев хатқа түсірген. Аңыздың тарихи негізі: Әметтің Өріс (Орыс) ханнан бұрын Қыпшақ мемлекетінің бір бөлігі Ақ Орданы билеген кісінің бірі болғанын аңғартады. Әмет төңірегіне біріккен “Үш жүз кісі” (қазақтың үш жүзі) не Алшын қауымы түрінде суреттеледі. Бұл аңыз Қадырғали Жалаирдың Жамиғ ат-тауарих” кітабында да кезігеді. Мұнда, Әмет пен Сәмет қазақ ұлысының бірінші хандары ретінде баяндалады. 14 ғасырдың 2-жартысында Ақсақ темірмен жауласып жүрген кезде оның қолынан екеуі де қаза табады. Айсаұлы Әмет туралы ескі қыпшақ тілінде басқа да тарихи жырлар бар.

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айсаұлы Әмет жыры|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}