Айранбай күмбезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айранбай күмбезі, Айранбайтам, Бескүмбез - сәулет өнері ескерткіші. Жезқазған облысы, Сарыкеңгір өзенінің жағалауында орналасқан. Айранбай күмбезі шамамен 1870 ж. шикі кірпіштен қаланып, іші-сырты күйдірілген қышпен қапталған. Бескүмбезді мавзолейдің жобасы ерекше, айғыш тәрізді пішініне сәйкес төрт жарты сфералы күмбезбен жабылып, солардың үстіне үлкен күмбез орналасқан. Құрылыс өрнегі аса күрделі емес, айналдыра белдеу тартылған. Күмбездің жалпы аумағы 8,30x9,75 м, биікт. 6 м. Алдыңғы жағы басқаларынан биік, еңселі. Кіретін есік адам бойынан биік, шығыңқы портикпен әшекейленген. Кірер бет маңдайшасында арабша жазуы бар. Айранбай күмбезі - республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енгізілген.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}