Айнымалы ток трансформациясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айнымалы токтың тағы бір маңызды қасиеті бар: оный кернеуін біршама оңай өзгертуге - трансформациялауға болады.("Трансформация" сөзі латынның "transformo" - түрлендіремін сөзінен пайда болған). Қарапайым трансформатор тұйық магнит өткізгіштен тұрады, оған екі катушка кигізілген. Бірінші деп аталатын катушканың біреуі айнымалы ток желісіне қосылады. Бірінші катушканың магнит өрісінен магнит өткізгіштен өтеді; ол айнымалы және бірінші катушкадағы ток секілді жиілікте өзгереді. Осы айнымалы магнит өрісі екінші катушкаға өтіп, екінші деп аталады, онда айнымалы индукциялық ток туғызады. Айталық, бірінші катушкада орам болсын және одан кернеудегі айнымалы ток өтсін. Екінші орамада орам бар және одан кернеудегі айнымалы ток индукцияланады. Тәжірибенің көрсеткеніндей, екінші катушкаға орам саны бірінші орам санынан қанша есе көп болса, екінші катушкадағы кернеу бірінші катушкадағы кернеуден соншама есе көп (немесе аз) болады.