Айналым салығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айналым салығы - бағаны мемлекеттік реттеу жағдайында кейбір пайдалылығы жоғары бұйымдарға белгіленетін салық, яғни халық тұтынатын өндірілген тауарлардың құнынан өндірістің ақырғы сатысында алынатын жанама салықтардың негізгі түрлерінің бірі. Оның мөлшерлемесі не көтерме сауда бағасының пайызы есебімен, не бағаға ақшалай үстеме (шегерім) түрінде белгіленеді. Жекелеген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге белгіленетін акцизден өзгеше түрде айналым салығы кәсіпорынның жалпы айналымынан алынады. бұл салық көбінесе көпшілік қолды тауарларға, кәсіпорындардың қызмет көрсету аясындағы көрсетілетін қызметтеріне салынады.<ref>Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Economy-stub