Айналмақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айналмақ - өз басын басқа біреу жолында құрбандыққа шалатын, ең ақыры амалы таусылған, үміті үзілген адамның сауап үшін жасайтын сирек кездесетін байырғы рәсім. Ш.Уәлихановтың айтуынша, айналмақ рәсімі бойынша өзін құрбандық, садақаға қидым деген адам ауырып жатқан адамды үш рет айналып шығуы керек. Мысалы, жан дегенде жалғызының беті бері қарамайтыны белгілі болып, демі енді үзілер сәтте әкесі, не анасы Жаратқан иеге жалбарынып, «Жалгызымның орнына өзімді ал, басымды оның жолына құрбандыққа шалдым!» деп иманын айтып, Алла тағалаға құрбандық айтып жалбарынады. Дәстүрлі ортада бұл қайғылы адамның ең соңғы іс-әрекеті, ақырғы амал-қимылы.

Қазақ басқа біреудің үйін айналмайды. Айналса, сол үйдің пәлесі жабысады немесе өзіне қонуға тиісті бақ адасады деп ырымдайды. Отырған адамды айналуға балаға да, басқаға да рұқсат етпейді. Олай істесе, әлгі адамның ауруы жабысады, соның салдарынан бақытсыздыққа душар болады деп ырымдайды. Қазақтың адамды айналма, үйді айналма деген тыйым сөзі осы үрдіске байланысты қалыптасса керек.

Қолға құс түсіп қалса, оны да бастан үш рет айналдырып, жөніне жібереді. Бұның астарында ауыруды екінші бip нәрсеге көшіру жатыр. Тарихи жазбаларда Үгедей хан сырқаттанғанда кенже інісі Төле айналмақ рәсімін жасап, соның жолында өзін құрбандыққа шалғаны туралы айтылады. Этнолог Нұрсан Әлімбайдың айтуынша, айналып-толғанғанда жиі қолданылатын «айналайын» сөзі - осы рәсімнің, сондай-ақ, бақсының ауруды айналып емдеу үрдісінің семантикалық контаминацнялық түрленіске түскен когнитивтік бейнесі.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айналмақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}