Аймақтық телефон байланысы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Аймақтық телефон байланысы — мемлекеттің бір аймағындағы телефон торабы.

Аймақтық телефон байланысы бір аймақтағы жергілікті әртүрлі желілерді станциялармен жалғауды және қалааралық, халықаралық желілерге қосуды қамтамасыз етеді. Қазақстанда Алматы, Қарағанды, Қостанай, Семей, Петропавл т.б. қалаларда аймақтық телефон байланысы бар. Оны орнату қалалық автоматтық телефон станциясының техникалық мүмкіндігіне және техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне байланысты. Аймақтық телефон байланысы кабельдік, радиорелейлік, оптикалық-талшықты байланыс желілерімен жұмыс жасайды, сонымен қатар ғарыштық жүйелерді де пайдаланады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Сілтемелер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub