Аймақтан тыс құбылыстар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аймақтан тыс құбылыстар, азоналық құбылыстар (грекше а — терістеймін және azone — белдемге бағынбайды) — қайсыбір табиғи құбылыстардың аталған аумақтағы белдемдік ерекшеліктерге таралуы. Оған жер қыртысының қозғалыстары, трансгрессия, жарықтар, тау түзілу, жанартау атқылау т.б. табиғаттың оқыс апаттары, Жер радиусының қысқаруы, Жердің өз осінен айналуы, теңіздер мен мұхиттардың толысуы мен қайтуы т.б. жатады. Белдемдік (зональды) және белдемге бағынбайтын процестердің бір-бірімен байланысын биіктік белдеулер (мысалы, табиғаттағы тау түзілу процесі) арқылы анықтауға болады. Жер шарының аймақтық, климаттық, ландшафтылық кешендерінің қалыптасуында белдемдік және белдемге бағынбайтын құбылыстардың маңызы зор.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Сілтемелер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аймақтан тыс құбылыстар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}