Айжігіт қалпе кесенесі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Айжігіт қалпе кесенесі – сәулет өнерінің ескерткіші. Мойынқұм ауданы Құмөзек елді мекенінен солтүстікке қарай 30 км жерде. 1902 жылы Кемпірбай шебер салған. Айжігіт қалпе – осы өңірге белгілі болған әулие. Жұрт әлі күнге дейін басына түнеп, тәубә етеді. Кесененің Бетпақдалада сирек кездесетін көлемді құрылыс ретінде архитектор маңызы зор. Шикі кірпіштен қос күмбезді етіп тұрғызылған. Солтүстік-шығыс бүйірінен және артқы жағынан екі қоршау салынған. Айжігіт қалпе солтүстік-батыс қоршаудың ішіне жерленген, бұл кесенемен байланыспайды, кіретін жағы да бөлек. Күмбезді ғимараттың өзі екі бөліктен тұрады. Кесенеге соның кішісі арқылы кіреді және осы кіші бөлік әулиеге түнеуге келгендер ас-суын әзірлейтін бүйірдегі қоршаумен жалғастырады. Зиярат етушілер үлкен күмбезді бөлікте түнейді.<ref>Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала