Айжарық Абылқасымов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айжарық Абылқасымов - 1961 жылы 10 қазанда Семей облысы, Мақаншы ауданы, Жарбұлақ ауылында туған. 1979 жылы Жарбұлақ орта мектебін бітірген. 1984 жылы Талдықорған заң техникумын, Семей университетінің филология факультетін тамамдаған.

1979—1981 жылдар аралығында Кеңес әскері қатарында болып, 1984— 1986 жылдары Ішкі істер бөлімінде қызмет еткен.

Ақынның «Сағынған көздің моншағы» (1992), «Жүректе бүгін сызат көп» (1995), «Махаббатым менің» (1996), «Ең бақытты шақтарым» (2003), «Көңілдария» (2003) атты кітаптары жарық көрген. Бірнеше мүшәйраның жүлдегер!, Өлеңдері Т.Айбергенов туралы естелік кітапқа енген. Республикалық басылымдарда жарияланып келеді.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}