Айдың жасанды спутнигі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айдың жасанды спутнигі - Айдың селеноцентрлік орбитасымен ұшуға арналған космостық ұшу аппараты.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Жерден ұшырылған космостық ұшу аппаратын өз орбитасына түсіру үшін, Айдың тарту күші жеткіліксіз. Сондықтан айдың жасанды спутнигі Айға жақындағанда іске қосылатын реактивтік двигательмен жабдықталады. Тұүңғыш айдың жасанды спутнигі "Луна-10" болды. Одан кейін "Луна-11", "Луна-12", АҚШ-тың "Лунар-Орбитер 1-5", "Эксплорер-35" сияқты спутниктері ұшырылды. Айдың жасанды спутнигі Ай маңындағы кеңістікті, оның өзіне тарту өрісін, физикалық қасиеттерін, фотоға түсіру не телевизиялық бақылау арқылы Ай бетінің бедерін зерттеуге арналған. .

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}