Азу тістер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Азу тістер — тістің шығып тісеуі мен пішініне байланысты: алдыңғы азу тістер (премолярлар) және нағыз азу тістер (молярлар) болып екіге бөлінеді. Алдыңғы азу тістер (dentes praemolares; Үлгі:Lang-la — тіс; Үлгі:Lang-la - алдыңғы азу) адам мен жануарлардың жоғарғы және төменгі тіс доғаларында (аркадаларында) күрек тістерден кейін орналасады. Нағыз азу тістер (Үлгі:Lang-la) алдыңғы азу тістерден кейін, тіс аркадаларының шетіне қарай орналасады. Азу тістер тамақты (азықты) шайнап үсақтауға арналған, өте берік те, қатты ас қорыту мүшелері. Алдыңғы азу тістер адам мен жануарларда алдымен сүт тістері ретінде шығып, нәрестелер мен төлдерде біраз қызмет атқарып тісейді де, түрақты тіспен алмасады. Ал нағыз азу тістер түрақты тіс ретінде тек бір рет ғана шығады. Жыртқыштар мен талғаусыз (шошқа) жануарларда азу тістер — қысқасауытты, тақтұяқты және жұптұяқты жануарларда — ұзынсауытты тістерге, ал пішініне байланысты олар жыртқыштарда - тісше, талғаусыздарда - бұдырлы, тақ тұяқтыларда — қатпарлы, жұптұяқтыларда — айшықты тістерге жатады. Алдыңғы азу тістердің саны жануарлардың түрлеріне байланысты түрліше болып келеді. Ал нағыз азу тістер жануарлар жоғарғы және төменгі тіс доғаларының оң және сол жағында үш-үштен орналасады, тек жыртқыштарда ғана екі-екіден ғана болады. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Азу тістер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

eo:Vangodento#Molaro