Азот жинаушы микроорганизмдер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Азот жинаушы микроорганизмдер– ауадағы молекулалық азотты (N2) бойына сіңіретін бактериялар. Азот жинаушы микроорганизмдерге: ризобиум туысына жататын кейбір бактериялар мен актиномицеттер, анаэробты спорлы бактерия – клостридиум, аэробты микроорганизм – азотбактер, көк жасыл балдырлардың көптеген түрі, кейбір күкірт бактериялары және жасыл бактериялар жатады. Бұлардан басқа микобактериялар мен ацетон-этилен бактериялары, кейбір саңырауқұлақтар және спирохет те азотты бойына сіңіреді. Азот жинаушы микроорганизмдер табиғаттағы ауадағы азотты өсімдік оңай сіңіретін қосылыстарға айналырады. Азот жинаушы микроорганизмдер топырақ арасында, суда да тіршілік етеді. Бұл бактериялардан топырақ құрамын жақсартатын және а. ш. дақылдарының өнімін арттыратын тыңайтқыштар дайындалады.<ref> Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев</ref>