Азия мәдениеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Азияның мәдениеті - көптеген ұлттардың, қоғамдардың, діндер мен этникалық топ мұраларының көркем жиынтығы. Азия мәдениетінің маңызды бөлігі - көркемөнері, музыкасы, асханасы мен әдебиеті. Мұнда буддизм, индуизм, ислам және христиан діндері дамыған, түрлі өркениеттер қалыптасқан. Азияның түкпір - түкпірінде әркелкі мәдениет дамып өркендеген. Оңтүстік Азиядағы ең маңызды мәдениет Үнді субконтиненті деп аталатын аймаққа тиесілі. Үнді жазығы өркениеті мен Маурия, Кушан, Гупта және әрі Моғол империялары мәдениетіне Оңтүстік Үндістанның бірнеше штаты және Пәкістан, Ауғанстан ұлттарының мұралары жатады. Дравит тілінің үстемдігіне байланысты Оңтүстік Үндістанның төрт штаты және Шри-Ланка Дравит мәдениетіне бөлінді. Бенгал тілінің негізінде Бангладеш пен Батыс Бенгал штатының жеке мәдениеті мен мұрасы қалыптасқан.Азияның көркемөнері мен мәдениеті сан алуан. Қазіргі заманғы көптеген көркемөнер шеберлері өз стильдерін ежелгі Азия туындыларымен сабақтастыруға ұмтылады. Қытай суретшісі Конг Бай Ли осы сабақтастықтың жарқын көрінісін жасады. Ол алғашқылардың бірі болып дәстүрлі қытайлық күріштен жасалған қағазға майлы бояу арқылы салатын сурет өнерінің батыстық стилін қалыптастырады. Сондай - ақ Конг Бай Ли Будданың қазіргі заманға лайықталған бейнелерін жасады.

Дереккөздер

  • Континеттер энциклопедиясы