Азия және Африка елдері жазушыларының конференциялары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Азия және Африка елдері жазушыларының конференциялары — екі құрлық елдері жазушыларының халықаралық әдеби жиыны. 1956 жылы 23-28 желтоқсанда Делиде өткен Үндістан жазушылары мен Азия елдері жазушыларының конференциясында Кеңес делегациясы Азия және Африка елдері жазушыларының конференциясын өткізіп тұруды ұсынды. Азия мен Африка елдері жазушыларының 1-конференциясы 1958 жылы 7—13 қазанда Ташкентте өтті. Бұл конференцияға Азия мен Африканың 37 елінен, Еуропа мен Американың 13 мемлекетінен әдебиетшілер қатынасты. Форумда делегаттар бейбітшілік, ұлттық тәуелсіздік, халықтар ынтымағы мен прогресс үшін екі құрлық жазушыларының рөлі мен міндеттері жайында мәселе көтеріп, пікір алысты. Азия мен Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Кеңес комитетінің алғашқы төрағасы болып Зүлфия Исраилова, орынбасарларының бірі болып Ғабит Мүсірепов сайланды. Комиеттің негізгі міндеті қос құрлық жазушыларымен байланысты нығайтуға, Азия мен Африка жазушылары қозғалысын жандандыруға бағытталды. 2-конференция 1962 жылы 12-16 ақпанда Каирде өтті. Оған Азияның 31 елінен 95 делегат, Африканың 22 мемлекетінен 91 өкіл, барлығы 53 елден 186 жазушы қатынасты. 3-конференция 1967 жылы 25-30 наурызда Бейрутта өтті. Бейрут конференциясына Шығыстың 47 елінен 150, Еуропа мен Американың 10 мемлекетінен 15 жазушы қатынасты. Азия және Африка жазушыларының Ассоциациясын құру жөнінде, Халықаралық “Лотос” сыйлығын белгілеу туралы шешім қабылданды. 1970 жылы 17-20 қарашада Делиде өткен 4-конференцияға Шығыстың 33 және Еуропаның 7 елінен делегаттар мен бақылаушылар, Қазақстаннан Ғабит Мүсірепов, Ә.Шәріпов, Ә.Әлімжанов тағы басқалар қатысты. Азия мен Африка елдері жазушыларының Алматыда 1973 жылы 4-9 желтоқсанда өткен 5-конференциясы қос құрлық жазушыларының қозғалысындағы жаңа кезең болды. Оның жұмысына әлемнің 69 елінен 219 әдебиетші мен қоғам қайраткері қатынасты. Олардың 189-ы Азия мен Африканың 55 мемлекетінен келді. Конференцияға қатысқан Қазақстан делегаттары (Ғабит Мүсірепов, Әнуар Әлімжанов, Олжас Сүлейменов т.б.) қазақ жазушыларынан “Лотос” сыйлығын Әнуар Әлімжанов алды. Азия мен Африка елдері жазушылары Шығыс халықтарының ұлы ғалымы, гуманист және ойшыл Әбу-Насыр әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толуына арналған бірлескен жиын өткізді. Алматы конференциясы Азия мен Африка елдері ақындарының Ереванда өткен симпозиумына ұласты. 6-конференция Анголаның астанасы Луандада 1974 жылы 26 маусым — 1 шілде аралығында өтті. Конференцияға Азия мен Африканың 32 елінен 54 делегат және Еуропадағы мемлекеттерден, Кубадан, Батыс Еуропа, Солтүстік және Латын Америкасы елдерінен көптеген бақылаушылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатынасты. Конференцияда жаңа жарғы қабылданды. 7-конференция — Ташкентте (1983), 8-конференция Тунисте (21— 25.10.1988) өтті. <ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}