Азия және Африка елдері жазушыларының ассоциациясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Азия және Африка елдері жазушыларының ассоциациясы — халықаралық әдеби ұйым. 1967 жылы Бейрутта құрылған. Азия және Африка елдерінің 78 ұйымын біріктірді. Бас кеңсесі Гаванада орналасқан. 1968 жылдан ұйымның “Лотос” альманағы шығарылды, 1967 жылдан бастап ұйым лауреаттарына жыл сайын “Лотос” әдеби сыйлық берілді. Ассоциация Азия және Африка елдерінің әдеби күштерін біріктіріп, олардың ұлттық тәуелсіздік, әлеуметтік прогресс, демократия жолындағы іс-қимылдарына жәрдемдесті. <ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}