Азиядағы Ынтымақтастық Диалогы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Asian Cooperation Dialogue.png
Membership and expansion of the Asia Cooperation Dialogue. Note that the Republic of China (Taiwan) is recognised or acknowledged by the member states as part of the People's Republic of China (PRC), but de facto does not have any representation.

Азиялық Ынтымақтастық Диалогының (АЫД) идеясын Таиланд Премьер-Министрі Т.Шинаватра 2000 жылы қыркүйекте Манилада көтерді. АЫД –ны құру ресми түрде 2001 жылғы шілдеде Ханой қаласында АСЕАН Сыртқы істер министрлерінің 34-ші мәжілісінде қаралды.

Диалогтың негізгі мақсаттары

  • Азиялық мемлекеттердің қарым-қатынастарын нығайту
  • Азияның сауда және қаржы нарықтарын дамыту, жаһандық қаржы жүйесінде экономикалық бәсекені жоғарылату
  • Азияда «жетпейтін байланыстар» қарым-қатынасмтарды толықтыру
  • Азиялық құрылықты Азиялық қоғамдастыққа біріктіріп, басқа да мемлекеттермен тепе-теңдік негізде қарым-қатынас жасау, бүкіл әлемнің ісіне және өркендеуіне салмақты үлес қосуына тырысу.

Басты бағыттары

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары арасында АЫД бейресми және бейформалды диалог болып, оның ішінде олар әрдайым қажетті сұрақтар бойынша пікір алысады. АЫД-ға қатысушылардың ниеті, жалпы ортақ мәселені шешу жолындағы бірдей әдісті таңдауда өзара түсіністік ахуалын сақтау сияқты ең басты артықшылықтарға ие болып келетін АЫД, дамушы және алға ұмтылушы процесі болып есептелінеді. АЫД процесінде барлық мүшелерге тиісті жағдай жасау үшін әрбір ел өзінің қалауы бойынша ынтымақтасу саласын таңдайды.

АЫД елдерінің Чаам министрлер мәжілісінде АЫД қызметінің екі, яғни: диалог және жоба бағыттар анықталады.

Диалог АЫД –ға мүше елдер министрлерінің және басқа лауазымды тұлғаларының өзара әрекет жасауды қолдауға бағытталған. Тұрақты диалог өзара түсінісуді қолдаудың қажетті элементі ретінде қарастырылады.

Жобалар ынтымақтастық саласындағы азиялық елдер мүддесіне бағынышты бола отырып, ерікті негізде үйлестірушілер немесе қосалқы үйлестірушілер болуды ұсынады.

АЫД процесінің дамуы туралы ақпараттануды қамтамасыз ету, АЫД –ға мүше мемлекеттер арасында және АЫД-ның бас үйлестірушілері арасында консультациялар өткізу мақсатында Бангкокта тіркелінген АЫД –ға мүше мемлекеттер елшілерінің мәжілісі тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

АЫД-ға мүше елдер ынтымақтастықтың түрлі 19 саласында үйлестіруші немесе қосалқы үйлестіруші болуға шешім қабылдады. Қазақстан соның ішінде энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы саласы бойынша қосалқы үйлестіруші ел болып табылады.

Мүше елдер

Қазіргі уақытта, АЫД-ның құрамында 30 мүше мемлекет бар. 2003 жылы маусымда Чиангмайда АЫД-ның II кеңесінде, АЫД министрлері Қазақстан, Кувейт, Оман және Шри-Ланканы АЫД мүшелері ретінде қабылдауға келісті.

Қазақстанның АЫД шеңберіндегі ынтымақтастығы

Осы уақыттан бастап Қазақстан Диалог жұмысына белсеңді қатысады. ҚР-ның өкілдері семинарлар, форумдар, АЫД жұмыс топтарының ынтымақтастықтың әр түрлі бағыттары бойынша кездесулер мен түрлі іс-шараларға қатысады.

Сыртқы Істер министрлерінің кеңесі (СІМК) АЫД-ның маңызды іс-шарасы болып табылады. Қазақстандық делегациялар 2004 ж. 21-22 маусымда Циндаода (Қытай) АЫД СІМ-нің III-кеңесіне, 2005 ж. 5-6 сәуірде Исламабадта (Пәкістан) АЫД СІМ-нің IV-кеңесіне қатысты.

Қаржылық ынтымақтастықты жандандыру үшін 2006 ж. 24-25 науырзда Бангкок (Тайланд) қаласында «Азиялық облигациялық нарық бойынша қаржылық ынтымақтастықты арттыру» атты жоғары денгейде семинар өтті.

Аталған іс-шараға ҚР Қаржы министрлігінің өкілі қатысты.

2006 жылғы 23-24 мамырда Доха қаласында (Катар) АЫД-ның 5-ші Министрлер мәжілісі болды. Қазақстандық делегацияны ҚР-ның Сыртқы Істер министірі Қ.Тоқаев басқарды.

АЫД-ның 5-ші Министрлік мәжілісі Өзбекстан мен Тәжікстанның АЫД-ға мүше болу өтініштерін оң шешті.

Баста айтылған шараларда, АЫД сыртқы саяси ведомстволардың басшылары қатысқан мәжілісте АЫД құрамының қызметтестігіне 9 сала кірді (ауыл шаруашылық, электрондық білім алу, энергетика, экологиялық білім алу, қаржы, цифрлы технология бойынша ынтымақтастық, табиғат апаты бойынша, туризм және кедейшілікпен күрес). Министрлер басты үйлестірушілерді барлық бағыттағы қызметтестіктерде кездесулерді өткізу және болатын шараларды жоспарлап, кепілдемелерді әзірлеуге шақырды.

Қ.Тоқаев өзінің баяндамасында Азия құрлығының орнықты дамуын қамтамасыз етуге Қазақстан тиесілі үлес қосуға әзір екендігін білдірді, сондай-ақ энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік салаларындағы бұдан әрі өзара тығыз ықпалдасуға жету үшін Қазақстан Үкіметінің қолға алып жатқан нақты қадамдары туралы қатысушыларға хабарлады.

Министр Энергетикалық қауіпсіздік мәселесі бойынша 2006 жылғы қазанда Алматыда өтетін семинар туралы хабардар етті.

АЫД–ның келесі 6-шы Министрлік мәжілісін қатысушылар 2007 жылы Корея Республикасында өткізу жөнінде келісімге келді. Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша АЫД-ның 7-ші Министрлік мәжілісі 2008 жылы Қазақстанда өтетін болды. Сонымен қатар, СІМ-нің V-кеңесінің қатысушылары 2007 жылы Қазақстанда АЫД-ның келесі Энергетикалық форумын өткізу туралы Қазақстан Республикасының ұсынысымен келісті.